05 Май 2018
«GLOBAL TURAN» ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ

2018 жылдың 03 мамырында «Ramada Plaza Astana Hotel» қонақ үйінде «GLOBAL TURAN» ІІ Халықаралық форумы өтті. Бұл іс-шара «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында кәсіптік білім беру ұйымдары мен бизнес құрылым өкілдерінің және мүдделі өкілдердің арасында пікір алмасуға арналған сұхбат алаңы болды.

«Қоғамды цифрландырудың заманауи трендтері: білім беру, бизнес және әлеуметтік қатынастар» атты форумның тақырыбы осы салада озық тәжірибелерді зерделеп жүрген, сонымен қатар цифрлы технологияларды енгізіп жатқан мамандарды қызықтырды.

Форумның ұйымдастырушылары Алматы қаласының «Тұран» білім беру корпорациясы, Астана қаласының «Тұран» колледжі» білім беру мекемесі, Лондон қаласының City of Westminster college, біздің серіктес колледждің жаңа атауы United Colleges Group, болды.

Форум жұмысына Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты, Астана қаласы Білім басқармасының, Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының, Астана қаласы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Казконтент» АҚ National Digital History of Kazakhstan интернет жобасының, «TALAP» Қолданбалы зерттеулер орталығының, «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі өкілдері және т.б. қатысты.

Форум қатысушылары кәсіптік білім беру жүйесі цифрландыру саласындағы ең озық технологияларға бағдарлануы тиіс деген ортақ пікірге келді.

Форум аясында Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20-жылдығына арналған компьютерлік графика, анимациялау және web-бағдарламалау бойынша «Ақпараттық технологиялар әлемінде» V Халықаралық байқауының қорытындысы шығарылды. Байқау Астана қаласының мектептері оқушыларының және Лондон қаласының City of Westminster College және Астана қаласының «Тұран» колледжі студенттерінің арасында өткізілді.

Мерейтойлық байқауға қаланың 26 мектебінің және Лондон мен Астанадағы 2 колледждің 151 оқушылары мен студенттері қатысты.

Барлық қатысушылар форумда халықаралық үлгідегі сертификаттар алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге І, ІІ және ІІІ дәрежедегі дипломдар берілді.

Форумға «Хабар» агенттігі» АҚ, «Хабар 24» ақпараттық қолдау көрсетті.

V МЕЖДУНАРОДНЫЙ КОНКУРС «В МИРЕ ИНФОРМАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ»

03 мая 2018 года в отеле «Ramada Plaza Astana Hotel» состоялся II Международный форум «GLOBAL TURAN». Данное мероприятие стало диалоговой площадкой для обмена мнениями между профессиональными организациями образования и представителями бизнес структур и заинтересованных представителей в рамках реализации Государственной программы «Цифровой Казахстан».

Тема форума «Современные тренды цифровизации общества: образование, бизнес и социальные отношения» привлекла специалистов, изучающих передовой опыт в этой сфере, а также тех, кто внедряет цифровые технологии.

Организаторами форума выступили Образовательная корпорация «Туран» г. Алматы, Учреждение образования «Колледж «Туран» г. Астана, City of Westminster college г. Лондон, новое наименование нашего колледжа-партнера United Colleges Group.

В работе форума приняли участие представители: Аппарата акима района «Байконур» г. Астаны, Управления образования г. Астаны, Палаты предпринимателей г. Астаны, АО «Фонд развития предпринимательства «Даму» по г. Астане, интернет проекта National Digital History of Kazakhstan АО «Казконтент», Центра прикладных исследований «TALAP», Национального инфокоммуникационного холдинга «Зерде» и т.д.

Участники форума едины во мнении, что система профессионального образования должна быть ориентирована на самые передовые технологии в области цифровизации.

В рамках форума подведены итоги V Международного конкурса «В мире информационных технологий» по компьютерной графике, анимации и web-программированию, посвященного 20-летию столицы Республики Казахстан – города Астаны. Конкурс проводился среди учащихся школ города и студентов City of Westminster College г. Лондон и колледжа «Туран» г. Астаны.

В юбилейном конкурсе приняли участие 151 школьник и студент, они представили 26 школ города и 2 колледжа – Лондон и Астану.

Все участники получили на форуме сертификаты международного образца. Победителям и призерам вручены дипломы I, II и III степеней.

Информационную поддержку форуму оказали АО «Агентство «Хабар», «Хабар 24».