22 Май 2018
Мастер класс COLLAGE MAKER

05.05.2018 күні «Тұран» колледжінде «Коллаж» шеберлік сағаты өтті.

Мақсаты:

Заманауи интернет заманында фотосуреттерді өңдеуді жақсы көретін жастардың шығармашылығын арттыруға мүмкіндік жасау.

Міндеттер:

— оқушыларды коллаж жасауға мүмкіндік беретін бағдарламалармен таныстыру;

— оқушыларының қабілеттерін, таланттарын, шығармашылық потенциалын анықтап, дамыту;

Коллаж жасау шеберлік сағатына Астана қаласының № 58 мектеп – гимназиясының 9 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар Adobe PhotoShop CS6 бағдарламасының көмегімен коллаж жасауды үйренді. Коллаж жасау шеберлік сағатын арнайы пәндер оқытушысы Беккожаева Сандуғаш Камбарқызы мен 4 курс «Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыздардыру» мамандығының студенті Бахытов Дамир жүргізді