27 Фев 2020
«Менің IT – идеям»

«Тұран» колледжінде 25.02.2020 күні «Менің IT – идеям» конкурсы өтті. Конкурс екі кезеңнен тұрды:
I кезең — Модуль 1: Фирмалық стиль
II кезең — Модуль II. Цифрлық дизайн
Конкурсқа Нұр-Сұлтан қаласының жалпы білім беретін 10 мектеп қатысты. Ол мектептер:

1. Ғ. Қайырбеков атындағы № 2 мектеп-гимназиясы;
2. № 3 мектеп-гимназиясы;
3. № 31 мектеп-гимназиясы;
4. № 35 мектеп-лицейі;
5. Сырбай Мәуленов атындағы № 37 орта мектебі;
6. № 44 орта мектебі;
7. № 52 мектеп-гимназиясы;
8. № 59 мектеп-лицейі;
9. № 74 мектеп-гимназиясы;
10. Экономикалық лицейі.
Конкурс нәтижесі бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Ал жеңімпаздарға дипломдар табысталды.
Конкурс жеңімпаздары:
III орын — Сагадат Аида Армановна, № 59 мектеп-лицей
III орын — Асаинулы Диас және Гудина Ирина, экономикалық лицей
II орын — Тультаева Томирис және Мунтинов Даниал, № 35 мектеп-лицей
I орын — Сурнина Екатерина Николаевна, № 31 мектеп-гимназия