25 Ноя 2021
Курстық жұмысты қорғау

«Тұран» колледжінде курстық жұмысты қорғау кестесіне сәйкес топтар курстық жұмыстарын қорғау жүріп жатыр. Айтатын болсақ «Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қатамасыздандыру» мамандығында білім алатын ЕТҚ-3 және ВТР-3 топтары «Алгоритмдеу және бағдарламалау» пәні бойынша курстық жұмыстарын қорғады. Студенттер бағдарламалау тілдерін қолдану арқылы өз бағдарламаларын құрды.

Сонымен қатар, «Сәулет» мамандығында білім алатын СҚ-3 және АР-3 топтары «Пішімдеу» пәні бойынша курстық жұмыстарын қорғады. Студенттер колледжде алған білімдерін тәжірибе жүзінде көрсете алды. Берілген тақырыпқа байланысты екі қабатты коттедж макетін жасады.