17 Мар 2022

Құқықтану аптасы аясында 15.03.2022 ж. Күні «Діни экстремизм – қауіпті құбылыс» тақырыбында іс-шара ҚҚ-2, ҚҚ-3, СҚ-1 студенттері арасында өтті.
Іс-шараның мақсаты: ізгілікке, мейірімділікке баули отырып, имандылыққа тәрбиелеу.
Күн тәртібіндегі бағдарлама бойынша іс-шарамыз «Қаңтар оқиғасында» құрбан болғандарды еске алумен басталды.
Экстремизм, терроризм терминдеріне түсінік, діни наным – сенім мен олардың пайда, зияны турасында өмірден нақты мысалдар келтіріліп ақпарат ұсынылды. Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат берілді.
Қарастырылған сұрақтар: Дін дегеніміз не? Сіз қандай діндерді білесіз? Экстремизм мен терроризм деген не? Қоғамға тигізер әсері қандай?
Қатысушылар 12 студент