30 Апр 2022
Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл

15.04.2022 ж колледжде ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай еске алу кеші өтті. Бұл кеште А.Байтұрсыновтың шығарған кітаптары көрсетіліп, портреті ілулі тұрды, теледидардан Ақаң туралы бейнежазбалар берілді, колледждің акт залы ұлы ақын туралы деректермен безендірілді. Әрбір студент ақынның өлеңдерінен үзінді оқып, өмірбаянынан құнды деректерді көрермендерге әсерлі айтып берді.
Ең соңында студенттер ұлы ақынның абақтыда өткізген өмірінен көрініс көрсетті.
Бұл кештің мақсаты:
1. Студенттерге ұлт мақтанышы туралы мәлімет беру
2. Әрбір студенттің еліне деген патриоттық сезімін ояту
3. Студенттерге өткен ғасырдағы өнегелі өмір сүрген тарихи тұлғаларды құрметтеуді үйрету