02 Сен 2022
1 қыркүйек – Білім күні құтты болсын!

1 қыркүйек-Білім күні! Кәсіби білім мен білік әлемімен жаңа кездесулердің басталу күні. Жаңа оқу жылын бастау үшін біздің колледждің есігі айқара ашылды! Биыл “Тұран” колледжі өз студенттерін жиырма екінші рет қарсы алады. Біздің колледжге биыл 22 жыл толады! Дәстүр бойынша 1 қыркүйекте біздің колледжде Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізіледі. Барлық студенттер сыныптастарымен танысуға, кураторлармен және мұғалімдермен кездесуге қуанышты болды.

Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын! Құрметті студенттер, сіздерге білім нәрімен сусындап, ақылды азамат, білімді азаматша, Отан сүйгіштік рухтарың мықты болуын тілеймін. Асқар шыңдарды бағындырыңдар!